Қостанай облысының Киров ауылында үй өртеніп, екі отбасы баспанасыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Киров ауылында үй өртеніп, екі отбасы баспанасыз қалды

28.11.2022

Қостанай облысы Киров ауылында қос пәтерлі тұрғын үй өртеніп, екі отбасы қақаған қыста баспанасыз қалды. Көп балалы жас отбасы тұратын пәтер дүние-мүлкімен қоса толық жанып кеткен. Өрт кезінде үйде ересектер болмаған. Іште қалып, түтінге тұншыға бастаған төрт баланы оқиға орнына алғаш жеткен ауылдастары құтқарып қалыпты. Ал қабырғалас көршісінің дүние мүлкі аман, бірақ үйі тұруға жарамсыз. Шатыры мен еденіне шашылған су мұз боп қатып жатыр. Қазір екі отбасы да туыстарының үйін паналап жүр. Әкімдік өкілдері «зардап шеккендерге бере қоятын коммуналдық меншіктегі үйлер жоқ»,-дейді. Сондықтан демеушілер көмегіне жүгінбек. Киров ауылында қазір бір үйдің құны шамамен 2 млн теңге тұрады.

Жарас Қабден, Киров ауылының тұрғыны:

Өрт токтан кеткен. Ең бастысы баспана керек. Төрт балам бар. Үлкені 6-да, кішісі 2 жаста. Осы ауылдағы мектепте оқиды. Сол баспана жағынан көмек болса деймін.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу