Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин тарихшы-ғалымдармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин тарихшы-ғалымдармен кездесті

28.11.2022

Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин тарихшы-ғалымдармен кездесті. Алматыда өткен жиында Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы тапсырма бойынша «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» көптомдық академиялық басылымның әзірлену барысы сөз болды. Басылым заманауи тұжырымдамалық тәсілдерді пайдалана отырып, шетелдік мұрағаттар мен кітапханалардан табылған жаңа тарихи деректерді талдау арқылы дайындалып жатыр. Аталған жұмысқа тек отандық қана емес шет мемлекеттердің тарихшы ғалымдары да тартылған.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу