«Жастар есірткіге қарсы! Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» Осындай айдарда Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйытқы болуымен акция ұйымдастырылды. Іс-шара «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында өтті. 500-ге тарта жас қатысқан жиында медицина мамандары есірткінің денсаулыққа, қоғамға тигізетін ауыр зардабы туралы жан-жақты ақпарат берді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы басшысының айтуынша, қазір жастар арасында синтетикалық есірткі пайдаланатындар саны едәуір көбейген. Олар негізінен 16-30 жас аралығындағы жастар. Сонымен бірге, нашақорлыққа салынғандардан бөлек, оны тарату жағдайы да белең алды. Мұндай тенденцияға тосқауыл қою үшін қалада ай сайын ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Ақниет Қасқырбаева, студент:
Үйдегі тәрибеге осылардың барлығын байланыстыра отырып, біз нашақорлықпен тікелей күресе аламыз. Осының алдын алу үшін үлкендер оның ең зиянды жақтарын көрсете білу керек. Оның салдары өлімге әкелетінін көрсету керек. Сол кезде жастар соған қарсы күреседі. Қазірде көптеген ұйымдар бар нашақорлыққа қарсы, сол жұмыс істеп жатқан ұйымдар одан әрі өз жұмысын нығайтса нашақорлық болашақта жоқ болады деген ойдамын.
Қанат Хамзин, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры:
Есірткі адамның ағзасына зиян келтіруде, ол деген емделмейтін ауруға әкеп соғады. Айтып жатырмыз ғой, тек жастардың арасында көбінесе олардың ағзаларын тез құртады. Тек өздері зардап шегіп қоймай, туған туыстары да зиян шегеді. Жастар оған еліктемесін. Сондай жаман қылықтардан аулақ болсын.
Еске саламыз, есірткі заттарын жарнамалаған және насихаттағаны үшін қылмыстық кодекстің 299-бабы бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мұндай қылмыс үшін 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Асылбек Данияр