Ресейде қазақ жауынгерінің сүйегі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

29.11.2022

Ресейде Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі табылды. Дәжекбай Құлтасов 1904 жылы Қызылорда облысында туған. Батырдың сүйегін Ленинград облысы, Кировск округінің Отрадное аумағынан «Суворов» іздестіру жасағы анықтаған. Жақын күндері Қазақстанға жеткізіледі.

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылында жерленеді. «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қазір 17 мыңнан астам жауынгердің жерленген жерлері анықталғанын, бірақ олардың Қазақстандағы туыстары әлі табылмағанын айтты.

Мұрат Молдағалиев, «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы:

Тек осы жылы «Атамның аманаты» бірлестігі 1,5 мыңнан астам қазақстандық жауынгердің сүйегін тапты. Қазіргі таңда 270 мыңнан астам жауынгердің сүйегі іздестірілуде. Бізге 3 миллионнан астам адам хабарласып, іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу