Екібастұздағы жағдайдан барлық әкімдер сабақ алуы тиіс. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай, деді. Әрі мұндай апат қайталанбауы үшін еліміздегі барлық энергетикалық нысанға техникалық аудит жүргізуді тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Қыс басталмай жатып осындай төтенше жағдай болды. Барлық әкімдер бұдан қорытынды шығаруы тиіс. Энергетика және индустрия министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердегі энергетикалық объектілерге толықтай техникалық аудит жүргізіп, үкіметке тиісті ақпаратты енгізсін. Апат қауіпі жоғары объектілер бойынша жабдықтары мен инфрақұрылымына ерекше назар аудару керек.
Досжан Маратұлы