Қытайда карантинге қарсы шерулерден кейін шектеулер жеңілдетіле бастады. Коммунистік билік мұндай шешімді елде коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатса да қабылдап отыр.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бірнеше қалада локдаун тоқтатылып, кәсіпорындар қайта ашылды. Ал ел астанасы Бейжіңде сипмтомы ауыр емес адамдар ғана үйлерінде оқшауланып, ғимараттар немесе кварталдар бұрынғыдай тұтас жабылмайды. Ал Гонконгтың кейбір аудандарында оқушылардың мектепке баруына рұқсат етілген.
Арыстан Рысбек