Президент орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды. Оны Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов басқармақ. Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Президент жұмысты 10 күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды. Ал Премьер-министр Әлихан Смайылов бұған дейін апатқа кінәлі адамдар жауапқа тартылатынын айтқан еді.
Досжан Маратұлы