Бұл мундиаль бұрынғыдан өзгерек. Ең көп қаражат жұмсалды, алғаш рет Таяу Шығыста өтіп отыр. Ал, 8 стадионда өтіп жатқан аладоп аламанында ерікті жастар жұмыс істейді. Арасында Қазақстандықтар да бар екен. Әріптесім Ерсін Ерік жүздесіпті. Турнирдегі ұйымдастыру жұмыстары жөнінде айтып берсін.
Ерсін Ерік, тілші:
Ойын өтетін күні стадион маңында тәртіп сақшыларының жұмысы қыза түседі. Жанкүйерлердің қаіпсіздігін қадағалап, тәртіп бұзушылыққа жол бермеу, басты міндет. Әуеде бақылаушы дрондар да ұшып жүреді. Осылайша ұйымдастырушылар келеңсіз жағдайлардың алдын алуды ойластырған. Биылғы мундиальда бірнеше тыйымдар болғаннан кейін де, стадионға кірер алдында тексеру жұмыстары жүйелі атқарылады. Ал келген жанкүйерлерге жол көрсетіп, кез келген сәтте қол ұшын беруге дайын еріктілердің жұмысы да маңызды. Қатардағы аладоп аламанына Қазақстаннан келген волонтерлер де бар.
Бегендік Тоқтарбай, ерікті:
Қатар еліндегі бір ерекшелік. Бұл жерде интернет сапасы өте жоғары. Стадион ішінде журналистер мен комментаторлардың жұмысына да бұндай сапалы интернеттің көмегі зор. Стадиондардың жанында медиа қызметкерлер жұмыс істейтін орталықтар бар. Ұйымдастырушылар әлемнің түкпір түкпірінен келген медиа саласы мамандарының еркін жұмыс істеуіне де бар жағдайды жасаған.
Ерсін Ерік