Астанада ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай баспсөз мәслихаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай баспсөз мәслихаты өтті

01.12.2022

Бүгін – жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромына, яғни, СПИД-ке қарсы күрес күні. Осыған орай Астанада баспсөз мәслихаты өтті. Онда ЖИТС-ке шалдыққан шетелдік науқастар Қазақстанда көбейіп бара жатқаны айтылды. Мысалға, былтыр елімізге ЖИТС жұқтырған 1 900 адам келсе, биыл 3 174 науқас сырттан келген. Екі есе көп. Бірақ, оң өзгерістер де бар. Соңғы 5 жылда ВИЧ-тың анадан балаға жұғу фактісі тіркелмеген. Және науқастар арасында өлім-жітім де азайған.

Сәбит Абдраимов, АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының директоры:

Ең бірінші анықтау. Егер анықтамай жүріп, тарата берсе ол болмайды. Үшінші ең басты мәселе бірінші, екінші сатысында анықтап, бірден ем қабылдату. соның өзі нәтижесін беріп жатыр. Мысалы, соңғы 5 жылда 2,9 пайыздан өлім жітім осы ЖИТС-тан қазір 1,7. Яғни, екі есе төмен түсірдік.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу