Әділетті Қазақстанның негізі - жаңа қоғамдық сана - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділетті Қазақстанның негізі - жаңа қоғамдық сана

02.12.2022

Әділетті Қазақстанның негізі - жаңа қоғамдық сана. «AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» кеңесінің отырысында Жаңа Қазақстанның негізі талқыланды. Кеңес төрағасы Аманжол Әлтай үлкен өзгерістерге қадам басқалы тұрған тұста жауапкершілік жүгі қоғамның әрбір мүшесіне жүктелетінін айтты. Ал Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай халықтың әділетті қоғам қалыптастыруға ынтасы зор деп санайды. Ол қоғамдық сананы өзгертуді еңбекқорлық пен еңбек адамына деген құрметті қалыптастырудан бастау керек деп есептейді.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз мынау еңбекқорлық және еңбек адамына деген құрметті қалыптастыруымыз керек. Сонда сана бір демде өзгереді деп ойлаймын. Өйткені біз әр саланың кәсіби мамандарына зәруміз қазір. Егер солар алға шығатын болса, соларға біз қолғабыс жасайтын болсақ, сонда ғана қоғамға ықпал ете аламыз.


Хабарламаларға жазылу