Балалар құқығын қорғауға арналған кітап жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар құқығын қорғауға арналған кітап жарыққа шықты

02.12.2022

«Мен өзіме сенемін». Алматыда осындай атаумен балалар құқығын қорғауға арналған кітап таныстырылды. Туынды «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету» жобасы аясында шығарылған. Кітап 5 мың данамен шығарылып, мектеп оқушыларына тегін таратылады. Бейресми статистикаға сүйенсек, елде әр үшінші бала психологиялық, сексуалдық, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Осы орайда аталмыш нұсқаулық өзін-өзі қорғауға арналған таптырмас әдістемелік құрал болмақ.

Салтанат Маусейітова, ұйымдастырушы:

Бұл кітап - Қазақстанда алғаш шыққан кітаптардың бірі. Бірақ, мәселе өте өзекті. Айтқанымдай, Қазақстандағы әрбір үшінші бала тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Сондықтан менің қазақстандық авторларға айтар кеңесім - осындай мәселеге көңіл бөліп, осындайларды көбірек шығарса, қоғамға көмектесе аламыз деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу