«Жас қаламгерлерге қолдау қажет. Олардың шығармашылықпен айналысуына және еңбегінің жарық көруіне көмектесу керек». Алматыда басталған Жазушылар мен публицистердің III халықаралық форумына қатысушылар осылай дейді. Шараға әлемнің 12 елінен ақын, жазушы келген. Бұл жолғы тақырып «Жастар сөйлесін» деп аталады. Мақсат дарынды қаламгерлердің шығармаларын шетел тілдеріне сапалы аударып, барынша насихаттау.
Кенжебек Сержанұлы, жазушы:
Болашақта біздің шығармаларымыз басқа елдердің тілдеріне аударылса, ол біздің қазақ әдебиетінің жас буынына сыйланған серпін, зор мүмкіндік деп айтуға болады.