Орман резерватының бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орман резерватының бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

03.12.2022

«Семей орманы» табиғи орман резерватының бастығы мен бірнеше орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қылқан жапырақты орманды қорғауы тиіс мекеме бастықтары қарағайды заңсыз отауға жол беріп, пара алған деген күдікке ілінген.

Қазір бірнеше лауазымды тұлғаның үстінен іс қозғалып, сотта қаралып жатыр. Орман алқабын отап, ағаштарды жаппай сату, резерватқа бөлінген қаражатты жымқыру әрекеттері азаймай тұр дейді мамандар.

Рүстем Тоқбергенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:

«Семей орманы» табиғи резарватының бұрынғы басшылығы орманның ағаштарын заңсыз шығару фактілері бойынша, пара алу және тағы да басқа қылмыстармен әшкереленіп қазіргі таңда қылмыстық іс сотта қаралуда.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу