Оңтүстік Кореяда 10 күн бойы жүк көлігінің 20 мыңдай жүргізушісі жалпыұлттық ереуіл өткізіп жатыр. Оларды жақтап мыңдаған адам Ұлттық ассамблея жанына жиналып, үкіметтің еңбек саясатына наразылық білдірді. Басты талап - еңбекақыны өсіру.
Жүргізушілердің ереуілінен 1 млрд 23 миллион доллар шығын келген. Билік болса, жалақыны өсірмейтінін ескертті. Бұған қоса олардан жұмысқа шығуды талап етті. Ережеге бағынбаған жүргізушілерге айыппұл тағу, түрмеге қамау немесе лицензиясынан айыру шаралары қолданылуы мүмкін.