Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып қайта тағайындалды.
Бұл қызметке Бекқали Торғаевтың да кандидатурасы ұсынылған еді. Алайда мәслихат депутаттарының ашық дауыс беруі кезінде Досаевты басым бөлігі жақтап, мемлекет басшысының жарлығымен бұрынғы лауазымын сақтап қалды.