Иранда әдеп полициясының таратылатыны хабарланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда әдеп полициясының таратылатыны хабарланды

05.12.2022

Иранда мұсылманша киіну тәртібін қадағалайтын әдеп полициясы таратылады. Мұны елдің бас прокуратурасы мәлімдеді. Дегенмен бұл ақпаратты ішкі істер министрлігі әзірге растаған жоқ.

Айта кетсек, дәл осы полиция қыркүйектің ортасында 22 жастағы Махса Әминиді хиджабты дұрыс тақпағаны үшін тұтқындаған еді. Көп кешікпей Әмини полицейлердің көлігінде қайтыс болды.

Осы оқиғадан кейін елде билікке қарсы ауқымды наразылық шаралары басталған. Олар әлі толастамай отыр.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу