Абай облысында алкогольды қолдан құятын жасырын цех анықталды. Облыс орталығының 57 жастағы тұрғыны үйдің жер төлесінде ешқандай құжатсыз, спирттік ішімдіктерді жасап, өткізіп отырған. Тексеру кезінде цехтан бөшкелер мен пластик құтыларға құйылған 1500 литрден астам алкаголь табылды. Оның жалпы құны 2,5 миллион теңге. Аталған факт бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс қозғады. Цехтың қанша уақыт жұмыс істегендігі және заңсыз өнімдерді қайда саудалағандығы анықталып жатыр.