Қарағанды облысынан Екібастұз қаласына гуманитарлық көмек жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысынан Екібастұз қаласына гуманитарлық көмек жіберілді

05.12.2022

Қарағанды облысынан Екібастұз қаласына гуманитарлық көмек жіберілді. Қорға жиналған ақшалай 1 миллион теңгеге электр жылытқыштар мен төсек-орын және өзге де заттар сатып алынған. Бұдан тыс осы іспетті заттарды тұрғындар да әкелген. Сондай-ақ, 70 маман Екібастұзды жылумен қамту жүйесін қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуге барды. Волонтерлер төтенше жағдай болған шаһар тұрғындарымен байланысты үзбей, алдағы уақытта да гуманитарлық көмек жібермек.

Сәкен Келдібаев, волонтер:

Әлеуметтік желіде олар өздері де айтып жатыр не жетіспей жатқанын, бізде көріп жатырмыз. Үйлерін су басып кетті, күллі дүние-мүліктері суда қалды, түсінікті ғой енді. Шамамыз келгенше жылы киім, жылы көрпе-жастық, термостар, сосын электр жылытқыштарды көбірек жіберіп жатырмыз.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу