Батыс елдерінің Ресей мұнайының бағасын 60 доллардан асырмау туралы келісімі күшіне енді. Тиісті құжатқа ЕуроОдақ, Австралия, Ұлыбритания, Канада, Жапония мен АҚШ қол қойды. Сондай-ақ бүгін теңіз арқылы тасымалданатын Ресей мұнайына Еуропа Одағы жариялаған эмбарго іске қосылды.
Бұл шаралардың мақсаты – Кремльдің Украинадағы басқыншылықты қаржыландыру мүмкіндігін әлсірету. Мәскеу болса, осы шектеулерді қолдаған елдерге «қара алтын» сатуды доғаратынын ескертті. Ал Украина Ресей мұнайының құнын 30 доллардан асырмауды талап етіп отыр. Өйткені Киевтің мәлімдеуінше, көмірсутегі 60 долларға сатылатын болса, Ресейдің бюджетіне жылына 100 миллиард доллар кіріс әкеледі .