Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асып келеді

05.12.2022

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Оған сәйкес тұрғындар екі жарым пайызбен жеңілдетілген несие алып, іс бастауға мүмкіндік алады. Жобаға 43 мыңдай адам қызығушылық танытып отыр. 24 ауылдық округте 747 тұрғын жұмыссыз ретінде тіркелген. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, алайда тұрақты табыс көзі жоқ тұрғындар 5 мыңнан асады. Мәселен, Қыдырбек Ибрашевтің жұмыртқаға арналған инкубаторы бар. Оның кәсіп бастағанына көп болмаған. Адлер тауығы, ломан және брама тұқымды құстары бар азамат «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, өнім көлемін арттыруды көздеп отыр.

Қыдырбек Ибрашев, Аралтоғай ауылының тұрғыны:

Келешекте осыны мен өзім құс фермасы секілді ашып, осыныөзім шығарайын деп жатырмын балапандарды. Қазір күніне он жұмыртқа алып тұрмын.Енді витаминдерін беру керек, жемдерін берсе, әлі де туады бұлар.Келешекте осының балапанын шығарғым келіп отыр.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында құс және өсімдік шаруашылығы, кооперативтерді жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін шығару мақсатында 2772 жоба жүзеге аспақ. Ол үшін биыл республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінді. 2023 жылы қаражат көлемі артады.

Серік Дүйсенбаев, Аралтоғай ауылдық округінің әкімі:

Алдағы уақытта құс бағыты бойынша, көкөніс сондай-ақ өз аулаларында шағын жылыжай салғысы келіп отыр. Көкөністерін егіп, 2,5 пайызбен , солай ұсыныстар беріп отыр.
Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу