Шығыс Қазақстанда ақындар мүшәйрасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда ақындар мүшәйрасы өтті

06.12.2022

Тәуелсіздікке тарту. Шығыс Қазақстанда осындай тақырыппен ақындар мүшәйрасы өтті. Оған өңірдегі барлық аудан мен қаладан 20-ға жуық ақын қатысты. Жыр бәйгесінде ақындар еліміздің егемендік алған кезеңі мен осы жылдары жеткен жетістігін жырмен өрнектеді.

Мүшәйраға әр ақын екі өлеңнен ұсынды. Оның бірі-тәуелсіздік, екіншісі - еркін тақырып.Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін мүшәйраның мақсаты - өңірдегі ақындардың өлеңін насихаттау, қолдау көрсету. Өткен жаздан бастап өңірде ақын-жазушылардың шығармашлығына арналған «Төр Алтай» атты әдеби журнал да, жарық көре бастады. Мүшәйрға қатысқан барлық ақынның өлеңі осы журналда жарияланады. Ал тәуелсіздік тақырыбындағы бұл жолғы жыр додасында, қазылар алқасы Ұлттық арнаның Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, әріптесіміз Олжас Керейханды бас жүлдеге лайық деп тапты.

Әлібек Қаңтарбев, Қазақстан жазушылар одағы облыстық филиалының директоры:

Жазда мысалы үшін екі жыл қатарынан «Төр Алтай жырлайды» деген фестиваль өткіздік . Осылардың барлығының мақсаты: мына жас жазушыларға, ақындарға әкімінің осындағы мәдениет басқармасындағы бір реттік сыйлығын алып беру. Онысызда жарымай жүрген жастар бір кішкентай болсын әжептеріне жаратсын деген ниет.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу