Ақтаудағы кейбір мектепте сабақ уақыты қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы кейбір мектепте сабақ уақыты қысқарды

06.12.2022

Ақтаудағы кейбір мектептерде сабақ уақыты 10 минутқа қысқарды. Себебі оқу қабинеттері салқындап кеткен. Қаладағы балабақшалар да жылуға жарымай отыр. 

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Ақтауда жылуға қатысты мәселе 11 мектепте бар. Қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша, жылу мүлдем жоқ емес, тек жылу беру қысымы төмендеп, салдарынан кейбір кабинеттер салқындап кеткен. Сондықтан оқушылар сырт киіммен отыр. Осыған байланысты, тек осы мектептерде сабақ уақытын қысқартуға тура келген. Бұрын 40 минуттан оқитын болса, қазір сабақтар 30 минуттан өтіп жатыр.

Бағдат Тұрғанбаева, Қалалық білім бөлімінің басшысы:


30 минуттың сабақ есесі бұл сабақтың ұйымдастыру жұмыстары дейді ғой, ұйымдастыру есебінен болып жатыр. Және тоқсанның соңында қайталау сабақтарының есебінен олқылықтар қалпына келтірілетін болады. Бүгінгі таңда бұл мәселенің барлығы бақылауда тұр. Ертең толық іске қосылады деп отырмыз.


Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Бұған қоса, 9 балабақшада дәл осындай мәселе. Мектепке дейінгі ұйымдар бөлмелерін электр пешпен жылытып отыр. Бұл балабақшаларда 2 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Қазір Ақтау қаласының әкімі мен құзырлы бөлім қызметкерлері жылусыз қалған білім беру ұйымдарын тексеріп жатыр. Мамандар жылу беру қысымының 80-нен 100-ге дейін көтерілгенін айтады. Жалпы бұл жағдай - қаланы жылу мен сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындағы жөндеу жұмыстарына байланысты. Соның салдарынан тұрғын үйлерге де ыстық су кешеден бері шектеумен берілуде. Энерго комбинаттағы жағдайды тұрақтандыру үшін, барлық күш жұмылдырылған.

Хабарламаларға жазылу