Қатарда өтіп жатқан әлем біріншілігіне жаһанның әр түкпірінен миллионнан астам жанкүйер жиылды. Ал көңілді фанаттар ойыннан тыс уақытта Доһаны аралап, көрікті жерлерімен танысып жүр.
Ерсін Ерік, тілші:
Катара ескі қалашығына келу үшін метроға отырып, Катара аялдамасынан түсесіз. ӘЧ қарсаңында мұнда келушілердің қатары көп. Қалашық 2010 жылы «Доха Трибека» кинофестивальінің қарасаңында ашылды. Оған дейін қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманиуи технологиялармен жабдықтау арқылы көне Қатар елінің мәдени мұрасын жандандырып, туристер жиі келетін тарихи орынға айналған. 2015 жылы аумағы 38 мың шаршы метрді құрайтын Катар Плаза сауда үйі ашылған. Сонымен қатар бұл қалашықта амфитеатр , опера театры, кинотеатр, конференц-зал,ескі базар бар. Бұл жерге келген адам Қатар елінің өткені мен бүгіні жайында толық мағлұмат алып, таныса алады.
Анажан Төлепбергенова, жанкүйер:
Әлем Чемпионаты қарсаңында ескі қалашықтағы мұражайда футбол галереясы ашылған. Бұл жерде әлемдік футбол жұлдыздарының жейделері мен суреттері қойылған. Сондай-ақ, ескі спорт журналдары, аладоп аламанындағы бойтұмарлар және т.б естеліктерді көре аласыз.
Ахмад, жанкүйер:
Бұл жер өте әдемі, маған қатты ұнады. Егер мүмкіндік болса қайта-қайта келе беретін едім. ӘЧ ойындарынан бөлек осындай жерлерді де көру керек деп ойлаймын.
Кешкі салқынмен Қатараға келушілер көбейеді. Мұнда Күн сайын концерттік шаралар мен шоу бағдарламалар ұйымдастырылады.
Ерсін Ерік