Қатар-2022: Жапонияның бас бапкері жанкүйерлерден иіліп тұрып кешірім сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Жапонияның бас бапкері жанкүйерлерден иіліп тұрып кешірім сұрады

06.12.2022

Ойын аяқталған соң стадиондағы орындарын жинастырып, пакетке салып жатқан жапон жанкүйерлерінің суреті желіде таралды. Көпшілік қауым бұл әрекетке сүйсініп, қолдау білдірді. Айта кетейік Жапония құрамасы кеше Хорватиямен кездесуде пенальти сериясына дейін жетіп, есе жіберген еді. Жеңілсе де дәстүрден жаңылмай жапон жанкүйерлері отырған жерлерін жиыстырып кетіпті. Тазалық челенджін француздар да жалғастырды.

Ал Хорватиямен ойында жеңілгені үшін Жапонияның бас бапкері жанкүйерлерден иіліп тұрып кешірім сұрады.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу