Моңғолия президенті парламентті таратуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолия президенті парламентті таратуды ұсынды

06.12.2022

Моңғолияда бірнеше күнге созылған демонстрациялардан кейін президент парламентті таратып, үкіметті отставкаға жіберу туралы ұсыныс жасады. Мұны жергілікті «Тенгер ТВ» арнасы хабарлап отыр. Шерулер Қытайға сатылуы тиіс 6,5 миллион тонна көмір ұрланды деген хабардан кейін басталған еді. Ашынған халық сенбі күні тіпті үкімет үйіне басып кіріп, айыптыларды жазалауды талап еткен. Наразылық акциясы бейбіт түрде аяқталды. Сол себепті билік төтенше жағдай жариялаудан бас тартып отыр. Ал парламент шұғыл отырыс өткізіп, жемқорлыққа қатысы бар жандар түгелдей қатаң жазаға тартылатынын ескертті. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу