«Теміртау Теміртау емес, шын мәнінде Түтінтау болады. Қазір қалада экологиялық ахуал күрт нашарлаған. Ауаға шығарылатын лас қалдықтар көлемі де жыл сайын артып барады». Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай бірінші вице-премьер Роман Склярдың атына осылай деп депутаттық сауал жолдады. Ол «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына тәуелсіз экологиялық эксперттік аудит жүргізуді талап етті. Өйткені қоршаған ортаға жыл сайын таралатын зиянды қалдықтар мөлшерден бірнеше есе артық. Тұрғындардың денсаулығы нашарлап, қала маңындағы өзен-сулар ластанған. Бұған дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да алаңдаушылық білдіріп отыр, деді депутат.
Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мәселен 2019 жылы азот диоксиді 12 есе, күкірт сутегі 13 есе, күкірт диоксиді 10 есе асып кетуімен зиянды заттардың 61 жағдайы тіркелген. Сондықтан сараптау жүргізіп, нақты ақиқатты ашып көрсететін тәуелсіз экологиялық эксперттік аудит жүргізуді талап етемін. Модернизация жүргізу, заман талабына сай экологиялық қондырғылар, автоматты мониторинг аспаптарын орнату талап етілсін. Үшінші табиғатты қорғау шаралары күшейтілсін, зиянды заттардың эмиссиясын төмендетуге арналған нақты шаралар қабылдансын.
Асылбек Данияр