Айқын Қоңыров: Энергетикалық қауіпсіздік басты орында болу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айқын Қоңыров: Энергетикалық қауіпсіздік басты орында болу керек

07.12.2022

Жылу электр орталығының мәселесімен шенеуніктер мен кәсіпкерлер емес, ғалымдар мен өндірушілер айналысуы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров айтты. Ол елдің Энергетикалық қауіпсіздігіне жауапты мемлекеттік комиссия мен жұмыс органын құру шарт, дейді. Ал, Екібастұзда болған оқиғаны апат деп атауға болмайды. Бұл бүкіл жүйенің істен шығуы деген пікірде. Алайда, ахуалды ретке келтіретін тиісті шаралар әлі де атқарылмағанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл мәселеде кінәлілерді табу мүмкін емес, өйткені энергетикаға бірнеше мемлекеттік органдар бірдей жауапты. Ал жекеменшік иелері барлық жауапкершілікті төмен тарифтерге, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тұтынушыларға аударады.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Төмен тариф деген бос сөз. Қазақстандықтар электр мен жылуға тұтынған мөлшеріне сай төлем жасады. Ұзақ жыл бойы жоспарлау кезеңі «келесі жылыту маусымынан аман шықсақ болды» деген қағидамен жүрді. Инфрақұрылымның тозуы, оны жаңартуға инвестиция тартылмауы ұзақ уақыт назардан тыс қалды. Ал, нысанды алған меншік иелеріне бұл мүлде маңызды емес. Бізде энергетикалық қауіпсіздік басты орында болуы керек. Үкіметтен тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік комиссия мен жұмыс органын қалыптастыруды талап етеміз.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу