Германияда үкіметті құлатуды жоспарлаған әсіре оңшыл топтың 25 мүшесі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда үкіметті құлатуды жоспарлаған әсіре оңшыл топтың 25 мүшесі ұсталды

07.12.2022

Германияда үкіметті құлатуды жоспарлаған әсіре оңшыл топтың 25 мүшесі ұсталды. Мыңдаған полиция қызметкері оларды 11 федералдық штатта жүргізілген рейд кезінде қолға түсірген. Ұсталғандар террористік ұйым құрды және астыртын келісім жүргізді деген күдікке ілінді. Прокуратураның дерегінше, олар Германиядағы мемлекеттік тәртіпті өзгертіп, өздерінің басқару формасын енгізуді көздеген. Бұл іс бойынша 52 адам тергеуге алынды. Олардың арасында Ресей азаматы да бар. Германия прокуратурасы Мәскеудің күдіктілермен байланыста болғаны туралы айғақ жоқ деп мәлімдеді.

Кремльдің жауабы: «Бұл жағдайға қатысымыз жоқ»

Кремль де бұған қатысты мәлімдеме жасап, Ресейдің бұл іске мүлде қатысы жоқ екенін айтты. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Бұл Германияның ішкі проблемасына ұқсайды»,- деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу