Өскемен қаласы мен 5 ауданда бірінші ауысымдағы нөлден тоғызыншы сынып оқушылары онлайн оқуға көшті. Себебі шығыста қайтадан сары аяз сақылдады.
Өткен түнде өңірдегі солтүстік аудандарда температура 30-33 градусқа дейін төмендеді. Сондықтан дизелмен жүретін көліктің барлық түріне Өскемен мен Семей аралығындағы жолға уақытша шектеу қойылды. Қазгидромет мамандары шығыста алдағы 3-4 тәулікте қатты аяз болатыны жөнінде хабарлама таратып жатыр. Сондай-ақ қатты аяздан Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар мектептеріндегі тоғызыншы сыныпқа дейінгілер де онлайн оқуға көшті.
Олжас Керейхан