Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

08.12.2022

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Президентке 7-шақырылымның үшінші сессиясы аясында атқарылып жатқан заң шығару жұмыстары баяндалды. Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мәжіліс пен қайта құрылған Жоғары аудиторлық палата арасындағы өзара іс-әрекет тетіктері туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына Парламенттің төменгі палатасы жанындағы Қоғамдық қабылдаудың жұмысы туралы есеп беріліп, Мәжілістің қоғамға ашықтығын арттыру жөніндегі жобалары таныстырылды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу