Алматыда «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Тұңғыш рет өткізілген байқауға 400 өтінім түскен. Жеңімпаздар «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік комикс» сынды 7 аталым бойынша анықталды.
Басты мақсат – төл әдебиетімізді соны дүниелермен толықтырып, оны жаңаша биікке көтеру, тың серпін беру дейді ұйымдастырушылар. Бұл сыйлықтың тағы бір ерекшелігі – үздік деп танылған туындылар басып шығарылып, кітапханаларға таратылады. Байқау жүлдегерлеріне 5 миллион теңгеден қаржылай сыйлық берілді.
Батырхан Сәрсенхан, байқау жеңімпазы:
«Жұмбақ арал» деген поэмаммен қатысқан болатынмын. «Жұмбақ арал» поэмасының негізгі ойы-адамдарды рухани тазалыққа, мәңгілік рухани таза, рухани бала болмыста қалуға үндейді. Поэмамның топ жарғанына шын жүректен қуаныштымын.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/168276/)