Шымкент қаласында кедендік рәсімдеуден өтпеген 23 шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды. Бұл техникалар Армения, Грузия, Қырғызстан секілді мемлекеттердің тіркеу есебінен шығарылмаған. Және қожайындары кедендік алымдар мен салықтарды төлеуден жалтарып келген.
Полиция департаментімен бірлескен рейдтік тексеру нәтижесінде олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19 автокөліктен мемлекет қазынасына 21 миллион теңге өндірілді.
Нұркен Төлебаев, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:
Ал бір автокөлік Европалық экономикалық одақтың кеден шекарасы аумағынан кері шығарылған. Қалған 3 автокөлік бойынша кедендік рәсімдеу жүргізуші үшін құжаттарды жинақтау жүргізіліп жатыр.
Ғани Қалмахан