Астанадағы Музыкалық жас көрермен театры «Алжир» лагері тұтқындарының рухына бағышталған тарихи деректі драма қойды.
«Chanel № 5» атты спектакль өмірде болған оқиғаға негізделген. Онда кеңестік тиранияның қорқытуы мен қорлауына қарамастан, болашаққа деген сенім мен үмітті жоғалпаған әйелдердің образы сомдалған. Бейімбет Майлиннің жары Гүлжамалдың рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Канн кинофестивалінің лауреаты Самал Еслямова орындады. Қойылым режиссері бұл әйел адамның күрескерлік қасиетіне қойылған рухани ескерткіш дейді.
Асхат Маемиров, музыкалық жас көрермен театрының директоры:
Түрмеде отырған әйелдер әннен жылу тапты. Олар өздерінің жан сырларын, жан-айқайларын жеткізді. Қойылымда әртүрлі тілде айтылмай қалған бесік жарларын айтады. Оларды ән біріктіреді. Бұл – әр ұлттың аналарының зары.