Осы аптада облыстар мен мегаполистердің әкімдері түгел тағайындалып бітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада облыстар мен мегаполистердің әкімдері түгел тағайындалып бітті

11.12.2022

Осы аптада Павлодар облысының жаңа әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласындағы жағдай бойынша Президентке есеп берді. Қаланың жылу жүйесі толығымен 15 желтоқсанға дейін қалпына келтіріледі, - деді ол.

Екібастұздағы энергетикалық коллапстың басталғанына 3 аптадан асты. Осы оқиғадан кейін Павлодар облысының бұрынғы әкімі Әбілқайыр Сқақов қызметінен босатылған еді. Оның орнынан кетуі сайлаудан кейінгі тағайындауларға тура келді.

Сонымен, осы аптада облыстар мен мегаполистердің әкімдері түгел тағайындалып бітті. Олардың 6-ы ғана жаңа. Қалған 14-і бұрынғы әкімдер. Мәселен, ел «ауысады» деп күткен, Шығыс Қазақстанды 8 жыл басқарған Даниал Ахметов орнын сақтап қалды... Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысынан дер кезінде кеткен сыңайлы. Осы аптада «Арселор Миттал Теміртауға» қарасты кәсіпорыннан тағы да қаралы хабар жетті. Жұмысшы қаза тапты.

Дегенмен, ол әкім боп келген Астананың да түйткілі аз емес. Бұрынғы әкім Көлгіновтен кейін қалған қандай мәселелер бар? Тұрғындардан сұрап көрген едік.

Ал «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының жұмысы тоқтатылуы мүмкін. Осы аптада жұмысшының қаза болуы, қарашаның 3-і күні болған шахтадағы апат, жалпы, соңғы 20 жылдағы төтенше жағдайлардан 100-ден астам адамның қайтыс болуы. Әбден шегіне жетті. Үкімет қазір осы мәселені қарастырып жатыр. Көп нәрсе Үкіметтің ерік-жігеріне байланысты.

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу