Президент Екібастұз тұрғындарына апат кезінде төзімділік көрсеткеніне ризашылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Екібастұз тұрғындарына апат кезінде төзімділік көрсеткеніне ризашылық білдірді

12.12.2022

Екібастұз қаласының тұтастай жылусыз қалуына нақты не себеп болғаны тергеу нәтижесіне сай анықталады. Осыдан соң тиісті шаралар қабылдайтын боламыз. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент осылай деді.

«Бізде қордаланған проблемалар туралы ауыз ашпау тәжірибесі бар. Оның соңы ауқымды зардаптарға алып келді. Салдарын жою үшін қомақты қаражат жұмсалды»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл жағдайдан сабақ алу қажеттігін де қадап айтты.

Жиында Президент Екібастұз тұрғындарына техногендік апат кезінде төзімділік көрсеткеніне ризашылық білдірді.

«Қалада болған оқиға шынымен апат. Мен бұл қаланың тұрғындарына төзімділік пен азаматтық жауапкершілк танытқаны үшін алғыс айтқым келеді», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ ол еріктілердің еңбегін ерекше атап өтті. 


Хабарламаларға жазылу