Ақмола облысында Тәуелсіздік күніне орай бүркітшілер жарысы өтті. Осымен 21-ші рет ұйымдастырылған сайысқа Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Түркия және Ресейден келген құсбегілер қатысты.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылардың киімі, құрал-жабдықтары бағаланды. Құсты ұшырып, қайта қолға қондыру әдісі қаралды. Сосын шырға тарту, яғни қанаттылардың аң алуы сыналды.
Жарыс қорытындысы бойынша 60-тан астам құсбегінің арасынан Алматы облысынан келген Сейітжан Аян үздік атанды. Қаршыға мен ителгі баптағандардың арасында да мықтылар анықталды.
Медет Шәріп, құсбегі:
Құсбегілік атам қазақтан қалған ұлттық өнеріміз. Сол үшін бәріміз қазір Қазақстанда көбінесе жас балалар жақсы айналысып жатыр. Кем дегенде 100-ден асып қалды құсбегілер саны, жастардан, үлкен ақсақалдар бар. Бұны мен бақпасам, сіз бақпасаңыз, онда бұл қазақтың өнері өледі. Енді қазір өзіміздің балаларды тәрбиелеп жатырмыз осы өнерге.
Ермек Елберген