Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау электронды форматқа көшеді. Осы арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу көзделіп отыр. Бұл туралы Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.
Жиында агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың жаңа тәсілдері талқыланды. Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қолдау тетіктерін 160-тан астам маман қарап жатыр. Осыған дейін 9 отырыс өтті.
Субсидиялаудың электронды форматқа ауысуы, қаржыны алуды жеңілдетеді. Өтініш беру, қабылдау және соманы растау адамның қатысуынсыз өтеді. Министрдің айтуынша, бұған дейін ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау үрдісі 3-4 ай уақыт алса, енді 1 айға дейін қысқарады.
Жиынға қатысушылар импортты алмастыру, өнім бағасын қалыптастыру мен өзге де мәселелерді талқылады.
Дарын Сағитов