Түркияның оңтүстігінде тасқыннан үйлер мен көліктерге зақым келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның оңтүстігінде тасқыннан үйлер мен көліктерге зақым келді

13.12.2022

Түркияның оңтүстігінде төпелеп жаңбыр жауып, су тасқыны басталды. Соңғы хабарға қарағанда, жүздеген автокөлік пен үйлер зақымданған. Мұны осы елдің ішкі істер министрі Сүлейман Сойлы мәлімдеді.

Өзенге айналған көшелерде көліктер бір-бірімен соқтығысып жатыр. Мұнан өзге бірнеше көпір де құлаған. Апатқа байланысты аймақта мектептер жабылып, тұрғындарға үйден шықпау туралы ескерту жасалды.

Ал Анталия губернаторының сөзінше, 44 жастағы бір фермер жылыжайдағы егістік алқабын тексеріп жүргенде, жүрек талмасынан қайтыс болған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу