Алматыда «Жүректен жүрекке» атты алғашқы әлеуметтік форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жүректен жүрекке» атты алғашқы әлеуметтік форум өтті

13.12.2022

Алматыда «Жүректен жүрекке» атты алғашқы әлеуметтік форум өтті. Шараның мақсаты - әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешімін тауып, осы саладағы қызметкерлердің қоғамдағы рөлін нығайту. Жиынға халықаралық және отандық сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Сала мамандары әлеуметтік саясатты іске асыру тетіктерін, кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған жобаларды сөз етті. Бүгінде шаһарда 1700-ден астам әлеуметтік саланың мамандары еңбек етеді. Оның 700-ге жуығы - әлеуметтік қызметкер. Ал қала бойынша мүгедектігі бар 55 мың адам тіркелген.

Гүлфайруз Қасымова, «Алатау» әлеуметтік қызмет орталығының директоры:

Әлеуметтік қызметкер деген былай қарасаң, сый-құрметі жоқ деп ойлаймын. Себебі, біздің қоғам инклюзияға бұрылмаған. Сондай керек мамандық. Бізде де оқу орны ашылса деп ойлаймын.Жастарды әкелу керек. Волонтерлық көмек керек.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу