Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Ол елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы есеп берді. Елорданы газбен қамту, тұрғын үй алаптарын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау мен инвестиция тарту мәселелері туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымының барысын бақылауда ұстау мен бас қаланы одан әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ, Президент Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады. Ол аймақтың 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөнінде есеп берді. Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайына айрықша назар аударылды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Дарын Сағитов