Шымкенттік тұрғын ескі көліктен электромобиль құрастыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік тұрғын ескі көліктен электромобиль құрастыруда

13.12.2022

Электромобиль құрастыратын шымкенттік Нұрсұлтан Сейсенбаевтың теңдессіз техникасын енді әлем жұртшылығы тамашаламақ. Инженерлер тобы кезекті элктромобильді Бангогкта өтетін халықаралық көрмеге дайындау үстінде. Сондай-ақ олар Сенегал мемлекетінің арнайы тапсырысы бойынша жаңа үлгідегі көлік жинақтауда.

Инженерлер қазір көрмеге апаратын көліктің қуат жинақтайтын бөлігін құрастыруда. Аккумляторлар мен оған қажетті өзге де жабдықтар шетелден сатып алынды. Микрочиптер қауіпсіз болуы үшін оның төңірегі ток өткізбейтін материалдармен қапталған. Әрі қарай олар қаңқаның астыңғы жағына жылжымайтын етіп бекітіледі.

Ерлан Рақметулаев, Бас инженер:

Бір жақсысы дауысы шықпайды, машинаны қыздырудың қажеті жоқ. Мына жерге кардан керек емес. Матор, редуктор өзінде. Артында да солай. Матор редукторға тікелей қосылған. Сондықтан төрт доңғалақты жетек болады.

Электромобильдердің ерекшелігі қозғалтқышты іске қосқанда бірден күш алады. Және салон іші бірден жылынады. Көлік биік өрге де қиналмай көтеріледі. Жылдам жүреді. Бір циклдағы қуаты 250-300 шақырымға жетеді. Ал, аккумляторларды қуаттау үшін небәрі 70-80-теңгеге жетпейтін қаржы кетеді.

Ғани Қалмаханов, тілші:

Мына бір аккумлятордың бойында 500 ватт қуат бар. Бір автомобильге осындай 140-қа жуық аккумлятор тізбектеліп, жинақталады. Соның арқасында автокөлік 300 аттың күшіне ие болады.

Нұрсұлтан бастаған инженерлер тобы бүгінге дейін 7 автокөлікті электромобиль етіп қайта құрстырып шықты. Алғашында «Фольскваген «Гольф» көлігінен бастаған олар кейін БМВ, Ролс Ройс, Форд маркаларын да конвертация жасады. Оларға орнатылған аккумляторлар кемі 10 жылға шыдас береді.

Нұрсұлтан Сейсенбаев, жоба жетекшісі:

Енді электрикалық конвертация жасау емес, оның үстіне суретшілердің жұмысын жасап жатырмыз. Бұл көрмеге қойылатын экспонат. Ерекшелігі сол. Ал бұл протативтің ерекшелігі біз оны 0-ден бастап өзіміз жасап жатырмыз. Шасси, кузовты құрстырдық. Мұндай мәшине жоқ.

Қазір кәсіпорындағы үш цехта 30-ға тарта адам жұмыс істейді. Олардың көбі инженер. Сондай-ақ, Нұрсұлтанға Англияда бірге оқиған достары да қолдау білдіріп келеді. Қазір Шымкентте электромобильге қызығатындар баршылық. Бірақ, шығыны көп. Әр көліктің конвертациясына кемі 5 миллион теңге жұмсалады. Өнертапқыш жігіттер енді жаңа техниканы тіркеу, заңдастыруға әрекет етіп жатыр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу