Астанада Әзілхан Нұршайықов шығармашылығына арналған конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Әзілхан Нұршайықов шығармашылығына арналған конференция өтті

14.12.2022

«Әзілхан Нұршайықовтың майданда жүріп, үзбей күнделік жазуы екінші дүниежүзілік соғыс тарихындағы аса қызық құбылыстың бірі болды». Халық жазушысының шығармашылығына арналған ғылыми конференцияда ғалымдар осындай ой айтты. Нұршайықовтың майданнан алып келген 16 күнделігі - екі томдық шығармаға арқау болатын дүние. Еуразия ұлттық университеті мен «Бас редакторлар клубы» бірлесіп ұйымдастырған жиынға қатысушылар жазушының шығармашылығын журналистика, әдебиеттану, публицистика және өзге де салалар бойынша талқылады. Жиында профессор Мұратбек Тоқтағазиннің жазушыға арналған «Замансөз заңғары» кітабының тұсаукесері өтті.

Мұратбек Тоқтағазин, Еуразия ұлттық университетінің профессоры:

Әзағаңның ізгілік пен адамгершілікке насихаттаған, соған үгіттеген туындыларын, «Махаббат қызық мол жылдарын», «Ақиқат пен Аңыз», басқа да шығармаларын ұрпаққа кеңінен насихаттау - бұл жердегі ең басты мақсат. Келешекте біз осы шараларды одан әрі жалғастыра бермекпіз.

Ақбота Үкіметхан, Еуразия ұлттық университетінің студенті:

Абайдың прологымен басталады ғой. «Құдай-ау, қайда сол жылдар, махаббат қызық мол жылдар» деп айтады. Бұл кітапты оқи отырып, қаншама сырлы сезімдерді бастан кешіре аламыз.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу