«Grand Prix Dynamo» жүлдесін иеленген алматылық бишілер елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Grand Prix Dynamo» жүлдесін иеленген алматылық бишілер елге оралды

12.03.2015
«Grand Prix Dynamo»  жүлдесін иеленген алматылық бишілер елге оралды

Ресей астанасы Мәскеуде  «Grand Prix Dynamo»  жүлдесі үшін өткен бишілер сайысында алматылық өрендер алдына жан салмады.

Олар - 10 жастағы оқушылар Әбілқайыр Самбусинов пен Алуа Қарғабаева.

XVII Халықаралық сайысқа 19 мемлекеттен 1800 жұп қатысқан. Қазақстанның намысын қорғаған жұптың өнері көптің көңілінен шықты. 

Би жарысы ересектер, жасөспірімдер және балалар арасында 7-9 наурыз аралығында өтті. 

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу