Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

15.12.2022

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады. Марат Омаров Президентке бәсекелестікті дамытып, түрлі тосқауылдарды жою жұмыстары жайлы баяндады. Әрі монополияға қарсы тергеу жұмыстарының аралық нәтижелері мен мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты мәлімет берді. Биыл 118 іс бойынша тергеу амалы аяқталды, 95 іс әлі қаралып жатыр. Кездесу соңында Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты тапсырма берді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу