Түркістан облысында қызметтік этиканы сақтамаған Қазығұрт аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов хабарлады. Мұндай шешім лауазымды тұлғаға қатысты арнайы комиссияның жүргізген тексеру қортындысынан кейін қабылданған.
Сонымен қатар қазіргі таңда аталған жәйт бойынша Қылмыстық кодекстің «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде аудандық полиция бөліміндегі жағдай туралы бейнежазба тараған. Онда қызмет бабында жүрген басшының алдынан шыққан қызметкердің бірін қолымен нұқып жібергені көрінеді. Осыдан кейін облыстық Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы комиссия құрып, тексеру жүргізген еді.
Айнұр Ақбаева