Қытай коронавирустың үш толқынын бастан кешуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай коронавирустың үш толқынын бастан кешуі мүмкін

19.12.2022

Қытай алдағы айларда ковидтің үш толқынын бастан кешуі мүмкін. Мұны жергілікті эпидемиологтар мәлімдеді. Олардың болжамынша, инфекцияны жаппай жұқтырудың бірінші кезеңі қаңтардың ортасына дейін жалғасса, екіншісі қаңтардың 21-інде басталмақ. Өйткені сол күні миллиондаған қытайлық шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылды мерекелеу үшін туған қалалары мен ауылдарына аттанады.

Ал коронавирустың үшінші толқыны ақпаннан наурыздың ортасына дейін жалғасуы ықтимал. Себебі, сол кезде мейрам аяқталып, халық жұмыс орындарына орала бастайды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу