Қарағандылық жастар 20 көпбалалы отбасыға көмектесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық жастар 20 көпбалалы отбасыға көмектесті

20.12.2022

Қарағандылық жастар «Жүректен жүрекке» акциясын өткізіп, түскен қаражатты 20 көпбалалы отбасына көмектесуге жұмсады. Олар жәрмеңке ұйымдастырып, өздері пісірген тағамдарды және қолөнер бұйымдарын саудалаған. Нәтижесінде 640 000 теңге жиналған. Бұл ақшаға 7 көпбалалы отбасыға 3 тоннадан көмір түсіріп берді. Сонымен қатар 13 жанұяға 25 мың теңгеден қаржылай сертификат табыстады. Енді игі шара жыл сайын ұйымдастырылады.

Нағима Құсайынова, көпбалалы ана:

Мен бес баланың анасымын. Үлкенім университетте оқиды. Ал қалғаны мектеп жасындағы балалар. Біз үшін бұл үлкен қолдау. Мерейімізді үстем етіп, жанымызға жылылық сыйлаған жастарымызға дән ризамыз. Алғысымыз шексіз!


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу