Президент Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысын қабылдады

20.12.2022

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевті қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұйымның негізін қалаушы елдің бірі ретінде түркі мемлекеттерімен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екеніне тоқталып, хатшылықтың жұмысына барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ұйым хатшылығының алдында биыл қазан айында Самарқанд қаласындағы саммитте қабылданған маңызды шешімдер мен бастамаларды тиімді жүзеге асыру міндеті тұрғанын айтты.


Хабарламаларға жазылу