Еуропа Одағына мүше елдердің энергетика министрлері газ бағасын шектеу туралы келісімге келді.
Көгілдір отынның қымбаттауына қарсы шара ақпанның 15-нен бастап енгізіледі. Еуропаны энергетикалық дағдарыстан алып шығуға бағытталған келіссөздер бірнеше апта бойы жалғасты. Ұстанымдар қайшылығынан ортақ пікірге келу қиын болған.
Кадри Симсон, Еуропа одағының энергетика жөніндегі комиссары:
Газдың шамадан тыс бағасын шектеуге келістік. Нарыққа түзету енгізу көгілдір отынды үнемдеуге және тұтынушыларға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Арай Төлегенқызы