Маңғыстауда Қаракөл жасанды су қоймасында аққулардың неден қырылғаны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, құстар қысқа қоң жинап үлгермеген. 10 құстың өлексесінен қажетті сынамалар алынды.
Айта кетейік, биыл Қаракөлде 10 мыңға жуық аққу қыстап жатыр.
Ғаббас Досатов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
1 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысында 15-20 градусқа дейін қатты аяз болды. Қаракөл жағалауы түгелімен мұз болып қатып қалды. Көлде әртүрлі қамыс тамырлары бар, ұсақ жәндіктер бар. Солармен қоректенеді ғой. Сондықтан олар қысқа май жинап үлгермеген.